«Абай көпсалалы колледжі» КМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
Абай көпсалалы колледжінде 2021 жылы комплаенс қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері туралы есеп
- Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың әзірлеушісі – «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясы болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеуге бағытталған.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу міндеттері:
1) білім беру саласында жұмыс істейтін адамдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыру;
2) сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қағидаттары мыналар болып табылады:
1) заңдылық;
2) транспаренттілік;
3) әдептілік;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
5) мүдделер қақтығысын болдырмау.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін адамдар үшін ұсынымдарды айқындайды.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу тұрғысынан лауазымдық міндеттерді орындау бойынша тікелей іс-әрекеттер жатады:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді даярлау және қабылдау;
3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
4) тиісті тіршілік ету саласының ерекшелігіне байланысты өзге де қоғамдық маңызы бар.
- Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлқының (іс-қимылының) стандарттары (ұсынымдары).
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу;
2) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау;
3) адал, әділ, қарапайым болу, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынаста жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, сыпайылық пен әдептілік таныту;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;
5) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмау, сынағаны үшін қудалауға жол бермеу, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалану;
6) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қызметкерлерге ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;
7) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау;
8) жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеу.
- Мемлекеттік қызметтер және өзге де рұқсат беру функцияларын көрсету кезінде:
1) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдау;
2) көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну;
3) көзделмеген құжаттарды талап етуге жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер мен өзге де рұқсат беру функцияларын көрсету барысында қағазбастылықты (төрешілдікті) барынша болдырмау;
4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға итермелеу кезінде басшылыққа баяндау;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету процесін, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде үнемділік пен тиімділікті тұрақты жетілдіруді қамтамасыз ету.
- Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде:
1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру;
3) мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету;
4) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;
5) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ретінде қатысуға жол бермеу.
- Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:
1) қызметтік міндеттерді орындау кезінде мүдделер қақтығысының, жеке бас мүддесінің туындағаны туралы, сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққа және сыйлықтар алуға көндіру туралы тікелей немесе тікелей басшыға баяндау;
2) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қызметкерлерге ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;
3) әріптестерге, басшыларға және өзге де лауазымды тұлғаларға лауазымдық өкілеттіктерді пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін сыйлықтар бермеу және қызметтік емес қызметтер көрсетпеу;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік таныту;
5) өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, сондай-ақ материалдарды тездетіп қарағаны үшін қандай да бір пайда алуға итермелеу немесе әуре-сарсаңға салу туралы басшылыққа баяндау;
6) жазбаша түрде тікелей басшыға орындау үшін алынған өкімнің заңдылығына күмән туралы хабарлау;
7) егер тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына тартылған болса, жоғары тұрған басшыға жүгіну қажет;
8) кірістер алумен байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда біреуге көмек көрсетуден бас тарту.
- Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:
1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау мен талқылауда жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының міндетті қатысуын қамтамасыз ету;
2) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің құқықтық актілердің мониторингін жүргізуін үйлестіруді және тұрақты негізде тиісті есептер дайындауды қамтамасыз ету;
3) әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастыру;
4) нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері бар нормаларды пайдаланбау.
- Қызметкерлерді/жұмыскерлерді іріктеу және орналастыру бойынша кадр жұмысын ұйымдастыру кезінде:
1) тағайындау материалдарын қараудың белгіленген мерзімдерін сақтау;
2) ұйымға жұмысқа қабылдау кезінде лауазымды тұлғаларға жүктелетін негізгі міндеттерді, тыйымдар мен шектеулерді түсіндіру;
3) кадрларды іріктеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;
4) қызметкерлердің дербес деректері туралы мәліметтерді негізсіз беруге жол бермеу;
5) жұмысқа кандидаттардан еңбек шартын жасасу үшін қатысы жоқ құжаттарды талап етпеу;
6) қызметкерлерге қатысты қызметтік тексерулерді объективті және жан-жақты жүргізу.
- Өмір сүру саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын басқа қатынастар кезінде:
1) бағынысты лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін нақты және анық айқындау;
2) қарамағындағы лауазымды тұлғалар арасында еңбек жүктемесін біркелкі бөлмеуге жол бермеу;
3) олардың қызметінің нәтижелерін бағалау кезінде, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік таныту;
4) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеу;
5) нақты орындалмайтын немесе олардың лауазымдық міндеттерінен тыс, сондай-ақ заңнамаға қайшы келетін өкімдер бермеу;
6) қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу кезінде бағыныштылардың қызметіне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;
7) қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеу;
8) әріптестердің өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша түбегейлі шараларды уақтылы қабылдау;
9) мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, автокөлік құралдарын қоса алғанда, меншікті қызметтік мақсаттарда ұтымды, тиімді пайдалану.