ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

"АБАЙ КӨПСАЛАЛЫ

КОЛЛЕДЖІ" КМҚК

A- A A+
 

КГКП «Aбайский многопрофильный колледж» управления образования Карагандинской области

КГКП "АБАЙСКИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ"

УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ КАРАГАНДИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Абай көпсалалы колледжінің Қамқоршылық кеңесінің қызметі туралы есеп

 

20 қыркүйек 2018 жыл:

- Білім алушыларды жаңа оқуға қабылдау бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау және оқу орнының жаңа оқу жылына дайындығы туралы;

- 2018 жылғы колледж түлектерін жұмысқа орналастыру нәтижелері туралы;

- Колледждің Қамқоршылық кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы.

6 желтоқсан 2018 жыл:

- Модульдік білім беру бағдарламаларын оқу процесіне енгізу;

- Абай көпсалалы колледжінде дуальды оқытуды енгізу;

- Колледжде құзыреттілік орталығын құру;

- Бизнес-мектеп жұмысы.

14 наурыз 2019 жыл:

- Колледждегі тәрбие ісінің жай-күйі туралы;

- Оқу орнын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуді жүргізуге дайындау;

- Колледж базасында «Ветеринария» және «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеу» құзыреттіліктері бойынша WorldSkills Karaganda 2019 өңірлік чемпионатын өткізуге дайындық;

- Оқу орнының материалдық-техникалық базасын жетілдіру және ұтымды пайдалану.

Барлық қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, ұсынымдар шығарылды.

Бұдан басқа, Қамқоршылық кеңестің жекелеген мүшелері колледжде өткізілетін тәрбиелік сипаттағы түрлі іс-шараларға қатысты. Осылайша, В.В. Михальченко, К.А. Канжекеев, Е.Ф. Хомутова Қазақстан халқының бірлігі күніне және колледжде жеміс бағын отырғызуға арналған мерекелік іс-шараларға қатысты. «Еңбек 95» ЖШС директоры О.А. Бесплемянный «Ветеринария» мамандығының бір топ студенттерін ақылы оқу практикасына қабылдады. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері ұсынатын барлық кәсіпорындар колледж студенттерінің өндірістік практикадан өтуі үшін жұмыс орындарын ұсынады. Алия Жуматаева колледждің Бизнес-мектебімен бірлесіп колледждің оқу шаруашылығы базасында саңырауқұлақтарды өсіру бойынша жобаны жүзеге асыруда.

 

«Абай көпсалалы колледжі» КМҚК қамқоршылық кеңес отырысының № 1 хаттамасы

 

«Абай көпсалалы колледжі» КМҚК қамқоршылық кеңес отырысының № 2 хаттамасы

 

«Абай көпсалалы колледжі» КМҚК қамқоршылық кеңес отырысының № 3 хаттамасы