Ұрпақ таңдауы: Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы
«Жастар Жастарға» жобасы аясында «Ұрпақ таңдауы: Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» форумы өтті. Іс-шараға белсенді жастар, студенттер, қоғам қайраткерлері және антикоррупциялық сарапшылар қатысты.
Форумда спикерлер жастармен мотивациялық кездесу өткізіп, табыс жолындағы адалдық, ашықтық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын атап өтті. Жемқорлыққа қарсы күрестің қоғам мен жеке тұлға үшін маңызын нақты мысалдар арқылы түсіндірді.
Шара барысында студенттер арасындағы «Adal Urpaq» облыстық байқауының жеңімпаздары үш номинация бойынша марапатталды: плакат/инфографика, видеоролик, IT-шешім. Қатысушылар өздерінің креативті жобаларын таныстырып, дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.
Форумда «Жастар Жастарға» жобасының жылдық қорытындылары ұсынылып, «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы мен Антикоррупциялық лабораторияның нәтижелері таныстырылды.
Бұл форум жастар арасында адалдық мәдениетін күшейтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған маңызды диалог алаңы болды.
Жоба Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылуда.



















